Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 3/587 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 4/1097 қаулысымен бекітілді
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентi
(2013.24.09. берілген өзгерістермен)
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған (мемлекеттік органдарды қоспағанда), жеке сипаттағы және жеке және заңды тұлғалардың өтінішімен (мемлекеттік органдарды қоспағанда) жүзеге асырылатын қызметтерін іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және басқа да жеке және заңды тұлғалардың қызметтері;
2) мемлекеттік қызметті алушылар - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлғалар;
3) мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі - МДҰ) - отбасының балаларды күтуге деген сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру, жалпы мәдениет, ұлттық құндылықтар негізінде оларды үйлесімді дамыту, баланы жалпы орта білім берудің бастапқы сатысына дайындау, өздерінің жұмысы мен оқуын жалғастыру, қоғамдық өмірге белсене қатысуы үшін ата-аналарға қажетті жағдай жасау мақсатында құрылатын білім беру ұйымы;
4) уәкілетті орган - білім беру саласындағы атқарушы орган.
2. Жалпы ережелер
Алматы қаласы әкімдігінің 2013.24.09. № 3/830 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы мемлекеттік қызмет Регламенті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 1 және 3 тармақтарына сәйкес әзірленді.