«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешімге өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 ақпандағы № 10/112-V шешімі
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 675/01-06 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2781, «Дидар» газетінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 152, 2013 жылғы 7 қаңтардағы № 2, 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 3, «Рудный Алтай» газетінің 2012 жылғы 30 желтоқсандағы № 153, 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 1, 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 2 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 189789419,4 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 22047994,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1775858,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 165965567,4 мың теңге;
2) шығындар - 190193395,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 7910588,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 9239277,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1328689,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1050000,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1050000,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;