Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылау, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық қызметке және амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеу үшін құжаттарды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 900 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 724 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау ұйымдары шығындарының орнын толтыру ережелеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылау, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық қызметке және амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеу үшін құжаттарды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 3 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, көрсетілген медициналық көмектің сапасын және көлемін бақылау, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық қызметке және амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеу үшін құжаттарды қалыптастыру қағидаларында: