Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ПЛЕНУМЫНЫҢ 2000.28.04 № 2 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қадағалау сатысындағы қылмыстық iстер жөнiндегі өндiрiстiң тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 2 Қаулысы

(2010.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Сот тәжiрибесiнде туындаған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етедi:

ҚР Жоғарғы Сотының 2010.25.06. № 16 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. ҚIЖК-нiң 50-тарауына сәйкес бiрiншi, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттардың күшiне енген және сот өндiрiсiн қысқарту туралы үкiмдерi мен қаулылары шағымдалуға (наразылық келтiрiлуге) және қайта қаралуға жататыны түсiндiрiлсiн. Бiрiншi сатыдағы соттың үкімі, қаулысы, егер оларға шағым, наразылық келтiрiлмесе, ҚІЖК-нің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген, жарияланған кезден бастап заңды күшіне енетін апелляциялық қаулыларды қоспағанда, шағым, наразылық беруге заңмен белгiленген мерзiм өткеннен кейiн заңды күшiне енедi. Егер iстi тиiстi кассациялық сатыда қараған кезде үкiм, қаулы бұзылмаса, онда олар кассациялық қаулы шыққан күнi заңды күшiне енедi. ҚIЖК-нiң 402-бап 3-бөлiгiне сәйкес шағым (наразылық) керi қайтарылған жағдайда, кассациялық саты iс жөніндегі кассациялық өндiрiстi қысқарту туралы қаулы шығарған күннен бастап үкiм, қаулы заңды күшiне енедi.

ҚР Жоғарғы Сотының 2010.25.06. № 16 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Соттар қорытынды, заңды күшiне енген, орындалуда жатқан немесе орындалған, iстi маңызы бойынша шешетiн түпкiлiктi, iс бойынша өндiрiс бастауға немесе жалғастыруға жол бермейтiн шешiмдi қабылдаған бiрiншi, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттардың қаулылары қадағалау тәртібінде қайта қаралуы мүмкiн екенiн ескергенi жөн. Сондай-ақ бiрiншi, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттардың жеке қаулылары қадағалау тәртібінде шағымдалуы мүмкiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами