Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 24 ҚАЗАНДАҒЫ № 1587 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 24 қазандағы № 1587 қаулысы

(2005 ж. 19 мамырға берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы» 2000 жылғы 28 шiлдедегі № 422 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 286 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Мынадай мемлекеттік меншiк объектiлерi жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайды деп белгiленсiн:

1) жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негiздер, шарттар және шектер бойынша жеке меншiкте болатындарынан басқа), оның қойнауы, су, өсiмдiк және хайуанаттар дүниесi;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажет штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер;

4) олардағы инженерлiк құрылыстарды қоса алғанда, мемлекеттік халықаралық бағыттар желісіне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар, магистральды темір жолдар, ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгін реттейтiн және кепiлдендiретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер;

5) магистральдi мұнай және газ құбырлары, кернеуi 220, 500 және 1150 кВ аймақаралық деңгейдегi электр желiлерi;

6) су техникасы құрылыстары бар су қоймалары, су тораптары, су көздеріндегі суды көтеретін бөгеттер;

7) ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған көмек көрсететiн (қан құю, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі, радиациялық медицина орталықтары, онкологиялық, туберкулез, ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарды және СПИД-пен ауыратын ауруларды, жұқпалы, терi-венерологиялық, психикалық ауруларды емдеу жөніндегі объектiлер), сондай-ақ қызмет көрсетiлетiн облыстың, қаланың, ауданның аумағындағы жалғыз мемлекеттік медицина ұйымдары болып табылатын медициналық ұйымдар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом