«Мемлекеттік сот орындаушысы нысанды киімінің (погонсыз) және жетонының, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу жүйесі эмблемасының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 942 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 100 бұйрығы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 131-бабы 3-тармағына сәйкес, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сот орындаушысы нысанды киімінің (погонсыз) және жетонының, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу жүйесі эмблемасының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 942 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7340 тіркелген, 2012 жылы 22 ақпандағы № 66 (27138) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік сот орындаушысына арналған нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерінде:
1, 2, 3 және 4-суреттер мынадай суреттермен ауыстырылсын:
Мемлекеттік сот орындаушысының
(ерлер) жазғы нысанды киімі
1-сурет

Мемлекеттік сот орындаушысының
(ерлер) қысқы нысанды киімі
2-сурет

Мемлекеттік сот орындаушысының
(әйелдер) жазғы нысанды киімі
3-сурет

Мемлекеттік сот орындаушысының
(әйелдер) қысқы нысанды киімі
4-сурет

4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жазғы нысанды киімдер жинақтамасына (1, 3-суреттер) қара-көк түсті фуражка (пилотка), китель, күнделікті күрте және қара-көк түсті шығарылып киілетін шалбар (белдемше), көк түсті көкірекше, қысқа және ұзын жеңді көгілдір түсті жейде, қара-көк түсті галстук, қара түсті былғары туфли кіреді.