«Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 350 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 29-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) мен гербицидтердің құнын арзандатуға (50 %-ға дейiн) бөлiнедi.»;
10-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дәндi дақылдар (күрiштен, дәндiк жүгерiден, қатты бидайдан, дәнді-бұршақты дақылдардан басқа) бойынша - егiс науқанының қорытындылары бойынша 1 гектарға субсидиялардың базалық нормасы бойынша 100 %. Бұл ретте тұқымды себу үшін пайдалану «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен регламенттеледі.