«Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 74 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен 2019 ж. 11 сәуірден бастап күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 25-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 41 бұйрығына («Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 28 тамыздағы № 351-352 (26195) жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6277 болып енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту ережесінде:
2-тармақтың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту мерзімдері;
5) ұлттық стандарттарды халықаралық, өңірлік стандарттарының және шетел мемлекеттерінің стандарттарының талаптарымен үйлестіру»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұлттық стандарттарды әзірлеу және бекіту мерзімдері;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: