«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 443 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 215-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Миссия және пайымдау» деген 1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Миссия: қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту, биологиялық әртүрлілікті сақтау, экономика салаларын және қоршаған ортаны сумен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға және «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету жөнінде жағдай жасау.
Пайымдауы: қолайлы қоршаған орта, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және адам өмірі мен денсаулығы, экономика, бизнес үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, «жасыл экономика» қағидаттарын енгізу.»;
«Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының даму үрдісін талдау» деген 2-бөлімде:
«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-стратегиялық бағытта:
қоршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі параметрлері мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз бірінші бөліктермен толықтырылсын: