Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 Қаулысы
(2013.21.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2) және 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервистік орталықтардың тізбесіне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Техникалық байқау операторлары тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Техникалық байқау операторларына механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің міндетті техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік бланкілерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және өзге де экипаждарының мүшелеріне диплом беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
10) «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты;