Введите номер документа
Прайс-лист

«Сұйытылған көмірсутегі газын теңіз жолымен экспорттауды дамытудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 534 Қаулысы (2016.29.12. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датасреда, 29 мая 2013
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 13 января 2017

Сұйытылған көмірсутегі газын теңіз жолымен экспорттауды дамытудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 534 Қаулысы

(2016.29.12. берілген өзгерістермен)

 

Сұйытылған көмірсутегі газын теңіз жолымен экспорттық жеткізуді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Ақтау теңіз портының сұйытылған көмірсутегі газын жөнелту жөніндегі теңіз терминалының иесімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы сұйытылған көмірсутегі газын тасымалдауды жүзеге асыратын кемелерді өткізудің технологиялық схемасын бекіту жөніндегі шараларды қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.17.09. № 977 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 901 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом