Ішкі істер органдары кезекші жедел-тергеу топтарының қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламалар мен өтініштерге ден қоюының бірыңғай тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 311 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнің 2013 жылғы 24 мамырдағы № 350 бұйрығы
Қылмыстар мен оқиғалар туралы келіп түсетін хабарламалар мен өтініштерге жедел ден қою бойынша ішкі істер органдарының кезекші жедел-тергеу топтарының жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдары кезекші жедел-тергеу топтарының қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламалар мен өтініштерге ден қоюының бірыңғай тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 311 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары кезекші жедел-тергеу топтарының қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламалар мен өтініштерге ден қоюының бірыңғай тәртібі туралы нұсқаулығында:
1) 4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қылмыстар (оқиғалар) туралы хабарламалар (өтініштер) келіп түскен кезде кезекші бөлімдерінің және ІІО кезекші жедел тергеу тобының (бұдан әрі - КЖТТ) қызметкерлерінің іс-қимылы».
2) 15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Кезекші бөлімнің қызметкері (жедел кезекші, аға инспектор-кезекші, күштер мен құралдарды басқару тобының аға инспекторы, кезекші-инспектор, кезекшінің көмекшісі, «102» операторы»):
3) 15-тармақта:
1), 3), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: