Введите номер документа
Прайс-лист

«Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 146-НҚ бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 14 мая 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 июня 2020

«Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 146-НҚ бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды

 

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2599 тіркелген, «Ресми газет» газетінінің 2003 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 (157) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен бекітілген Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (1944 жыл Чикаго), «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және әуежайлар мен аэронавигация қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша төмендету коэффициенттері мынадай өлшемдердің біреуіне сәйкес келген жағдайда белгіленеді:

1) белгілі бір кезеңге арналған өтінімде көрсетілген әуе кемелеріне жерде қызмет көрсетудің жоспарланған тұтыну көлемі өткен жылдың осы кезеңіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді нақты тұтыну көлемінен асады;

2) әуежайдың іске қосылмаған немесе шамалы іске қосылған қуатын пайдалану мүмкіндігі;

3) субсидияланатын авиакомпанияны қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген өлшемге жатқызылған жағдайда әуе кемесін тиеу коэффициенті 0,5-тен кем құрайды.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттері мынадай өлшемдердің біреуіне сәйкес келген жағдайда белгіленеді:

1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелерінің ұшу жиілігінің өсуі және (немесе) жаңа бағыттарды тарту;

2) іске қосылмаған немесе шамалы іске қосылған әуе трассаларын пайдалану мүмкіндігі;

3) Қазақстан Республикасы әуе кеңістігі шегінде ішкі тұрақты авиарейстерді орындайтын әуе кемелеріне қызмет көрсету кезінде уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін аэронавигациялық қызметтерге бекіткен ставкаларға 0,5 коэффициентін қолдану арқылы әуе тасымалдаудың республикалық нарығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттерін әуе кемелерін пайдаланушы, әуежай немесе аэронавигациялық ұйым (бұдан әрі - өтінім беруші) Ереженің 1-қосымшасына сай өтінімдер мен негіздеуші құжаттарды мынадай талаптарды сақтай отырып ұсынған жағдайда бекітеді:

негіздеуші құжаттардың әрбір парағына бірінші басшы, ал қаржы құжаттарына бас бухгалтер де қол қояды. Бұл жағдайда факсимильдік қол жарамсыз деп танылады;

алдыңғы кезең ішіндегі қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша нақты деректер, сондай-ақ оларды бекітуді сұрап отырған кезеңге уақытша төмендету коэффициенттерін қолданудан күтіліп отырған нәтижелер ұсынылады.

Бұл ретте, әуе кемелерін пайдаланушы уәкілетті органға өтінімді және негіздеуші құжаттарды екі данада ұсынады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге өтінім түскен күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынылған өтінімді қарауға қабылдау туралы не қарауға қабылдаудан бас тарту туралы өтінім берушіні жазбаша түрде хабардар етеді. Әуе кемелерін пайдаланушының өтінімі қарауға алынған жағдайда уәкілетті орган оның бір данасын әуежайға және (немесе) аэронавигация ұйымына қорытынды шығарту үшін жібереді.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Өтінім беруші уәкілетті органның өтінімді қарауға қабылдағаны туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде құзыретті органның қарауына аталған өтінімді алынған хабарламамен бірге жолдайды.»;

14-тармақ алып тасталсын;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Құзыретті орган, әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым өтінім берушіден өтінімді алған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органға қорытынды ұсынады, онда уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылып отырған деңгейін бекіту мақсаттылығының негіздемесі не оны бекіту мақсатсыздылығының негіздемесі көрсетіледі.

Уақытша төмендету коэффициентін бекітуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган дәлелді қорытынды шығарады, ол құзыретті органға, әуе кемелерін пайдаланушыға және (немесе) аэронавигациялық ұйымға жіберіледі.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Уәкілетті орган әуе кемелерін пайдаланушы ұсынған негіздеуші құжаттардың сараптамасын ескере отырып, құзыретті орган, әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым ұсынған қорытындылардың негізінде өтінім қарауға қабылданған сәттен бастап 45 күнтізбелік күнінің ішінде шешім қабылдайды.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Уәкілетті орган құзыретті органның, әуежайдың, аэронавигациялық ұйымның, әуе кемелерін пайдаланушылардың өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен уақытша төмендету коэффициентін қолдану мәселелері бойынша кеңес өткізеді.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Әуежай және аэронавигациялық ұйым уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерін әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерін пайдаланушы арасында жасалған шарт (шартқа қосымша) негізінде қолданады. Осы шарт (шартқа қосымша) уақытша төмендету коэффициенттерін қолдану кезеңін және әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынудың мәлімделген көлемін әуе кемесін пайдаланушының орындамағаны үшін тиісті уақыт мерзіміне уақытша төмендету коэффициенттерін қолданбастан көрсетілген қызметтерді тұтынудың нақты орындалған көлеміне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта есептеу түрінде жауапкершілігін көздейді.

Әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерін пайдаланушы арасындағы шарт (шартқа қосымша) осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген бұйрық күшіне енген күнінен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Құзыретті орган, әуежай және аэронавигациялық ұйым өз бастамасы бойынша уәкілетті органға бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жою туралы ұсыныс жасай алады, бұл ретте осындай күшін жоюды негіздейтін құжаттарды ұсынады.

Осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптар орындамалған жағдайда, уәкілетті орган да уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жоюға бастама көтереді. Бұл ретте уәкілетті орган құзыретті органнан, әуежайдан және аэронавигация ұйымынан дәлелді жазбаша қорытындыны сұратады.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Уәкілетті орган материалдарды алғаннан бастап күнтізбелік 30 күн ішінде уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жоюды бас негіздейтін құжаттарға сараптама жүргізеді.

Жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттернің күшін жою жөнінде шешім қабылдайды немесе құзыретті органға, әуежайға және аэронавигация ұйымына уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жоюға негіздің жоқтығы туралы дәлелді қорытындыны жолдайды.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жою туралы бұйырықты құзыретті органға, әуе кемелерін пайдаланушыға, әуежайға және (немесе) аэронавигация ұйымына уәкілетті органның бұйрығы қолданысқа енгізгілгенге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей жолдайды.»;

көрсетілген Ережеге 1-қосымшаның 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Әуежайлардың немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынудың заттай және құндық көріністе тоқсандарға бөлінген нақты (алдыңғы аяқталған төрт тоқсан және алдыңғы күнтізбелік жыл) және жоспарланған мәлімделген көлемдері. Тұтыну көлемдері табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік реттеуге жататын әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның әрбір қызметі бойынша көрсетіледі.

8. Егер өтінім беруші әуежай немесе аэронавигациялық ұйым болған жағдайда - сұратылған кезеңде уақытша төмендету коэффициентін қолданып және қолданбастан әуе кемелерін пайдаланушыға реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның табыстары, шығыстары деңгейінің тоқсандарға бөлінген болжамды көрсеткіштері.

Егер өтінім беруші әуе кемелерін пайдаланушы болған жағдайда жоспарланған кезеңге уақытша төмендету коэффициенттерін қолданып және қолданбастан әуежайдың және (немесе) аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтыну жағдайында әуе кемелерін пайдаланушының табыстары деңгейінің тоқсандарға бөлінген болжамды көрсеткіштері.

Бұл ретте өтінім беруші табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік реттеуге жататын әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның әрбір қызметінің бөлінісінде барлық есептерді келтіреді.»;

көрсетілген Ережеге 2-қосымшаға ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескерту:

Материалдар табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін әрбір қызметінің бөлінісінде ұсынылады.».

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;

2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

М. Оспанов

 

«КЕЛІСІЛДІ»:

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация

министрі

А. Жұмағалиев

2013 жылғы 15 мамыр

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами