Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан
ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан
Республикасының аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы
келісім
(Мәскеу қ., 2014 жылғы 23 желтоқсанда)
(2014.12.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 231 Қаулысымен ҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы келісімнің, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалдау шартының (бұдан әрі - Жалдау шарты) және 2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің ережелеріне адалдығын растай отырып,
Ресей Федерациясының ғарыштық бағдарламалар іс-шараларын, халықаралық ғарыштық бағдарламалар мен коммерциялық ғарыштық жобаларды жүзеге асыру мақсаттары үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану тиімділігін арттыру мүдделерінде іс-әрекет жасауға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде «Союз» типіндегі тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беруге және пайдалануға байланысты Тараптар мен құқықтық қатынастардың басқа да қатысушылары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін реттеу үшін ұйымдық-құқықтық негіз белгілеу осы Келісімнің мәні болып табылады.
2-бап
ҚР Үкіметінің 2014.12.12. № 1311 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)