Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-2 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 20 маусымдағы № 5С-14-4 шешімі
Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 2-1-683 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3551 тіркелген, 2013 жылдың 10 қаңтарында «Арқа ажары» газетінде, 2013 жылдың 10 қаңтарында «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 114 969 601,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 13 589 360,2 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 848 187,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 2 506,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 100 529 548,6 мың теңге;
2) шығындар - 116 178 894,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 1 221 234,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 815 386,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 594 152,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - -2 430 526,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 2 430 526,2 мың теңге.»;
келесі мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын: