Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999.17.02 № 134 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датасреда, 17 февраля 1999
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 17 февраля 1999

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Арнайы полиция» (шаруашылық жүргізу құқығында) және «Ақпараттық-өндірістік орталық» (шаруашылық жүргізу құқығында) республикалық мемлекеттік кәсіпорындары құрылсын.

2. Мыналар:

1) «Сақшы-На страже» апталық республикалық газеттерінің біріккен редакциясы» мекемесі;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік күзет қызметі департаменті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;

2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан санаторийі» мемлекеттік мекемесі (Алматы қаласы);

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Арман» санаторийі» мекемесі (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Көктерек поселкесі);

«Жеке батыр» санаторийі» мекесі (Солтүстік Қазақстан облысы Шучье ауданының Шучье қаласы) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес құрылатын және қайта ұйымдастырылатын кәсіпорындарды (бұдан әрі - Кәсіпорындар) мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заң күші бар Жарлығының 18-бабының талаптарын ескере отырып, Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және оларды тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) Кәсіпорындардың жарғылық капиталдарын қалыптастырсын;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом