Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара қаржылық мәселелердi
реттеу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Мәскеу қ., 2000 жылдың 29 сәуірде)
ҚР Президентінің 2000 жылғы 9 қазандағы № 458 Жарлығымен бекітілді
2000 ж. 24 қазанда күшіне енді
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы бұдан әрi Тараптар деп аталатын 1998 жылдың 8 қазанында Алматыда, Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара қаржылық мәселелердi реттеу туралы келісімге мынадай өзгерістер енгізуге келiстi:
1. Келісімнiң 3-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тараптар осы Келісімнiң шеңберiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң борыштарын өзара қаржылық мiндеттемелер үшiн:
1993 жыл үшiн «Қазконтракт» АҚ мемлекеттік компаниясының «Росконтракт» ФКК алдындағы мiндеттемелерi бойынша - 136,3 млн. АҚШ доллары;
1994-1996 жылдар үшiн «Қазақстанэнерго» ҰЭЖ-ның «Ресей БЭЖ» алдындағы - 114,3 млн. АҚШ доллары берешегiн енгізуге келiстi».
Тараптар 1997-1998 жылдар үшiн «Қазақстан темір жолы» РМК-ның ЖҚМ және Ресей кәсiпорындары алдындағы 14,4 млн. АҚШ доллары сомасындағы берешектерiн өзара қаржылық мiндеттемелерден алып тастауға уағдаласты.
2. Осы Хаттама Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 1998 жылдың 8 қазанында Алматыда, Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара қаржылық мәселелердi реттеу туралы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және бұл үшiн қажеттi ішкiмемлекеттік рәсiмдердi Тараптардың орындауы үшiн соңғы хабарланған күнiнен бастап күшiне ендi.
2000 жылдың 29 сәуірде Мәскеу қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалды, мәтіндердің екеуі де бірдей күшке ие.
Егер, осы хаттаманы пайымдауда пікір қайшылықтары туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
| Қазақстан Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |