«Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 29 шілдедегі № 577 бұйрығы
Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларын бекіту туралы» Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығына (Заң газетінде 2011 жылғы 3 тамыздағы № 7102 жарияланған, 2011 жылғы 13 қазандағы № 149 (2139), 2011 жылғы 14 қазандағы № 150 (2140); 2011 жылғы 18 қазандағы № 151 (2141), 2011 жылғы 19 қазандағы № 152 (2142) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ұшуға тапсырманың сипатына қарай бағыт (ұшу) карталарын таңдау және дайындау жүргізіледі. Аспаптар бойынша ұшу қағидалар бойынша (АҰҚ) ұшуларды орындаған кезде қолданылатын негізгі бағыт (ұшу) карталары радионавигациялық карталар (бұдан әрі - РНК), сондай-ақ мамандандырылған ұйымдар шығарған карталар болып табылады.
Визуалды аэронавигацияның талаптарын сақтау үшін визуалды ұшулар қағидалары бойынша ұшуларды орындаған кезде визуалды бағдарлау үшін барлық қажетті деректер мамандандырылған картада қамтылмаса 1:1 000 000 масштабты немесе одан ірі (1:500 000, 1:250 000) масштабтағы аэронавигациялық карталар (аэронавигация үшін арнайы жер беті учаскесінің, оның бедерінің және жасанды құрылғыларының шартты белгісі) қолданылады.
Бағыт (ұшу) карталарына мыналар салынуы тиіс:
1) шектеу межесінің сызығы (пеленгтер, азимуттер) қара түспен;
2) ӘҚҚК аудандарының шекаралары және олардың атаулары жасыл түспен;