«Түзеу колонияларының республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 18 ақпандағы № 117 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қосымшаға сәйкес түзеу колонияларының шаруашылық жүргiзу құқығында республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары (бұдан әрi - кәсiпорындар) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi белгiленген тәртiппен кәсiпорындардың жарғылық капиталын қалыптастырсын, жарғыларын бекiтсiн және оларды мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
4. «Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi мынадай тараумен және мынадай мазмұндағы 415-461 реттiк нөмiрлi жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi: