Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінiң арасындағы үкiметтiк байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм (Бішкек қ., 2000 жылғы 14 желтоқсанда)

Информация о документе
Датачетверг, 14 декабря 2000
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 14 декабря 2000

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінiң арасындағы
үкiметтiк байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы
келiсiм
(Бішкек қ., 2000 жылғы 14 желтоқсанда)

 

ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 360 Ққаулысымен бекітілді

2001 ж. 11 сәуірде күшіне енді

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қырғыз Республикасының Yкіметі,

екi мемлекет арасындағы қазiргi бар достық қатынастарды одан әрi нығайтуға деген ұмтылысты басшылыққа ала отырып,

Тараптардың халықаралық үкiметтiк байланысты сақтаудағы және дамытудағы мүдделiлiктерiн ескере отырып,

мына төмендегілер жөнiнде келiстi:

 

 

1-бап

 

Осы Келісімде келтiрiлген терминдер мынадай мағынаны бiлдiредi:

«құзыреттi ұйымдар» - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және Қырғыз Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк министрлігі;

«үкiметтiк байланыс» - мемлекеттік басқару қажеттiлiктерi үшiн арнайы байланыс;

«халықаралық үкiметтiк байланыс» - Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының үкiметтiк байланыс абоненттерi арасындағы ақпарат алмасуға арналған үкiметтiк байланыс жүйесi;

«шифрлеу құралдары» - ақпаратты өзгертудi iске асырушы криптографиялық алгоритмдер, ақпаратты өңдеу, сақтау және байланыс арналары бойынша беру кезiнде қорғауға, оның iшiнде рұқсатсыз енуден, жалған ақпарат беруден қорғауға арналған аппараттық, бағдарламалық-аппараттық және бағдарламалық құралдар, негiзгi құжаттарды дайындау құралдары, қол шифрлерi, кодпен хабарлау құжаттары.

 

 

2-бап

 

Тараптар тұрақты түрде жұмыс iстейтiн халықаралық үкiметтiк байланысты қамтамасыз етедi және жетiлдiредi.

Әрбiр Тараптың екіншi Тараптың мүддесiн қозғайтын халықаралық үкiметтiк байланыстың ұйымдастыру, техникалық пайдалану мәселелерiн шешу және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде құқықтары бiрдей.

Халықаралық үкiметтiк байланыстың ұйымдастыру техникалық пайдалану, қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және үздiксiз жұмыс жасауы мәселелерiн құзыреттi ұйымдар шешедi.

 

 

3-бап

 

Егер Тараптардың басқа келісімдерiнде (шарттарында) өзге жағдайлар ескертiлмесе, әрбiр Тарап өз мемлекетi аумағында қолданылатын тәртiпке сәйкес өз мемлекетi аумағында екiнші Тараптың мемлекеттік лауазымды адамдары үшiн үкiметтiк байланысты пайдалануға мүмкiндiк бередi.

 

 

4-бап

 

Өз мемлекеті аумағының шегiнде халықаралық үкiметтік байланысты ұйымдастыру, iске қосу, техникалық пайдалану және одан әрi жетiлдiру бойынша шығыстарды Тараптардың әрқайсысы дербес көтередi.

 

 

5-бап

 

Құзыреттi ұйымдар:

халықаралық үкiметтiк байланыс, сондай-ақ үкiметтік байланыстың ұлттық желiлерi үшiн жаңа жүйелер мен құралдарды әзiрлеу мен өндiру саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-құрастыру жұмыстарын бiрлесе отырып жүргізедi;

үкiметтiк байланыс құралдарын өндiру саласында өзара iс-қимыл жасайды;

үкiметтiк байланыс жүйелерi мен құралдарындағы ақпаратты қорғау саласында өзара iс-қимыл жасайды;

кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы үкiметтік байланысының радиоэлектрондық құралдарының электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында өз мемлекеттер аумағында оларға бөлiнген жиiлiк спектрiн пайдалану мәселелер бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады.

Аталып өткен өзара iс-қимылдың бағыттары бойынша ынтымақтастық құзыреттi ұйымдар арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылады.

Халықаралық үкiметтiк байланыс үшiн бiрлескен ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-құрастыру әзiрлемелерi және олар бойынша дайындалған берудiң техникалық құралдары мен дауыстық және документальдық ақпараттарды шифрлау - Тараптардың құзыреттi ұйымдарының жеке меншiгi болып табылады және үшiншi тарапқа өзара келісімсiз беруге жатпайды.

 

 

6-бап

 

Тараптар екi мемлекеттiң арасында жасалған шарттарға (келісім-шарттарға) және олардың заңнамаларына сәйкес келісілген көлемде, халықаралық үкiметтiк байланысты ұйымдастыру мен пайдалану үшiн қажеттi шифрлеу құралдарын, техника мен байланыс құралдарын, құрайтын бұйымдар мен қосалқы бөлшектердi жеткiзудi, сондай-ақ көрсетiлген құрал-жабдықтардың жөндеуiн ұйымдастыруды және арнайы көзделген қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi.

 

 

7-бап

 

Осы Келісімнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер мен консультациялар арқылы шешетiн болады. Осы Келісімнiң ережелерi екi Тарап та қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық келісімдерден туындайтын Тараптардың мiндеттемелерiне ықпал етпейдi және басқа мемлекеттердiң мүдделерiне, қауiпсiздiгi мен аумақтық тұтастығына қарсы бағытталмаған.

 

 

8-бап

 

Осы Келісім белгісiз мерзiмге жасалады және Келісімнiң күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердің орындалғаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

9-бап

 

Осы Келісім өз қолданысын Тараптардың бiреуi оның күшiн тоқтату туралы өзiнiң ниетiн екiншi Тарапқа Жазбаша хабарлама жiберген күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалатын болады.

 

Бішкек қаласында 2000 жылғы 14 желтоқсанда әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының

Үкіметі үшін

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами