2013 жылы медициналық ұйымдарды аккредиттеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 503 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 6 қарашадағы Заңымен ратификацияланған «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» Халықаралық банк жобасының В1 кіші компоненті бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 183 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалауды өткізу рәсімін үйлестіретін тұлғалардың (бұдан әрі - өңірлік үйлестірушілер) тізімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдардың аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау жүргізу кестесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өңірлік сараптамалық топ мүшелерінің тізімі (келісім бойынша) бекітілсін.