«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 24 қазандағы № 15/180-V шешімі
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 675/01-06 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 8/99-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2781, «Дидар» газетінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 152, 2013 жылғы 7 қаңтардағы № 2, 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 3, «Рудный Алтай» газетінің 2012 жылғы 30 желтоқсандағы № 153, 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 1, 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 2 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 192460187,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 23843052,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1980800,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 166636335,8 мың теңге;
2) шығындар - 192808295,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 8498588,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 9839277,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1340689,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1155530,1 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1195000,0 мың теңге;