Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-2 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 5С-18-2 шешімі
Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 2-1-683 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына және 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 995 «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы», 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1206 «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулылары негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-2 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3551 тіркелген, 2013 жылдың 10 қаңтарында «Арқа ажары» газетінде, 2013 жылдың 10 қаңтарында «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 122 300 820,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 13 373 698,7 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 877 780,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 1 726,0 мың теңге;