«Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1371 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 231 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Туризм жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 534-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Туризм жөніндегі кеңес құрамына мыналар енгізілсін:
| Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Иғалиев Марат Несипқалиұлы | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, хатшы |
| Нысанбаев Ерлан Нұрланұлы | - | Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі |
| Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
| Балықбаев Тахир Оспанұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
| Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |