«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 523 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесінде:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бөлім. Жалпы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, мерзімін, жасалу мен беру тәртібін анықтайды, олар мынадай:
республикалық, тиісті мемлекеттік бюджеттердің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы (бұдан әрі - бюджеттің атқарылуы туралы есеп);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түскен түсімдері мен ақша шығыстары жоспарларының атқарылуы туралы;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен түсімдер және ақшаны жұмсау туралы;
шетел валютасындағы қаражаттың қозғалысы туралы
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешегі туралы есеп түрлерін қамтиды.»;