«Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту шаралары туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығына
түсіндірме
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітті және Құқық қорғау органдарының кадр саясатының тұжырымдамасын (бұдан әрі -Тұжырымдама) мақұлдады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету арқылы құқықтық тәртіп органдарына деген сенім деңгейін арттыру.
Бағдарлама құқық қорғау саласында мемлекеттік қызмет түрлерін кеңейтіп, стандарттауды, сонымен қатар, олардың сапасын арттыру шараларын қамтыған.
Құқықтық тәртіп органдарының халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылының жаңа түрлері дамитын болады.
Құқық қорғау қызметінің құқықтық және ұйымдық негіздерін жетілдіру, оның ішінде қылмыстық қуғындау органдарының жұмысын бағалаудың жаңа критерийлерін әзірлеу көзделген.