«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1549 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері» деген бөлімде:
«Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Бала туудың өсуіне ықпал ету» деген 1.1-мақсатта:
нысаналы индикаторларда мына:
«
1. Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған балалардың үлес салмағы: 1) бір жасқа дейінгі балалар (тиісті жылда туылған балалар санына қатысты), | ресми деректер | % | 73,9 | 70,1 | 76,2 | 80,4 | 80,9 | 81,5 | 82,1 |
оның ішінде МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдермен қамтылған | | | 33,6 | 34,6 | 37,3 | 39,5 | 39,9 | 40,5 | 40,9 |
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. Әлеуметтік қолдау жүйесімен қамтылған балалардың үлес салмағы: 1) бір жасқа дейінгі балалар (тиісті жылда туылған балалар санына қатысты) | ресми деректер | % | 73,9 | 70,1 | 76,2 | 80,4 | 79,6 | 81,5 | 82,1 |
оның ішінде МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдермен қамтылған | | | 33,6 | 34,6 | 37,3 | 39,5 | 38,0 | 40,5 | 40,9 |
»;
«Жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу» деген 2-стратегиялық бағытта:
«Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру» деген 2.1-мақсатта:
нысаналы индикаторларда мына:
«
1. Жұмыссыздық деңгейі | статдеректер | % | 6,6 | 5,8 | 5,8 | 5,8 | 5,7 | 5,6 | 5,5 |
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. Жұмыссыздық деңгейі | статдеректер | % | 6,6 | 5,8 | 5,8 | 5,8 | 5,2 | 5,1 | 5,0 |
»;