Осы редакция 2013 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінің 2002 ж. 19 сәуірдегі
№ 1 қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
регламенті
(2009.08.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005.31.03. № 9-3/I Қаулысымен мәтініндегі «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығы» және «Жарлықтың» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы» және «Конституциялық заңның» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2009.08.01. № 2 Нормативтік Қаулысымен мәтіні бойынша бөлімдердегі «I», «II», «Ш» деген римцифрлары «1.», «2.», «3.» деген араб цифрларымен ауыстырылсын. Баптардың тақырыптарындағы «бап» деген сөз және баптардың атаулары алынып тасталды (бұр.ред.қара)
1. тарау
Конституциялық іс жүргізуді қозғаудың және қарауға берілетін материалдарды дайындаудың тәртібі
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2009.08.01. № 2 Нормативтік Қаулысымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының, 72-бабында келтірілген субъектілердің өтініші конституциялық іс жүргізу қозғауға себеп болып табылады.
Өтініш екі тілде (қазақ және орыс) және Конституциялық заңның 22-бабының талапттарына сәйкес ресімделуге тиіс.
Конституциялық іс жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 35 және 36-баптарымен көзделген жағдайларда қозғалуы мүмкін.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 2009.08.01. № 2 Нормативтік Қаулысымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Келіп түскен өтініштер белгіленген тәртіппен Конституциялық Кеңестің аппаратында тіркеледі.
Конституцияның, Конституциялық заңның және Регламенттің талаптарын бұза отырып келіп түскен өтініштерді Конституциялық Кеңес аппаратының басшысы кері қайтарады.