«Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 322 Бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 13 қарашадағы № 47 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8645 болып енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
25), 26) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
25) «Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1001101, индексі 3-КҚБ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 25-қосымшасына сәйкес;
26) «Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1001101, индексі 3-КҚБ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 26-қосымшасына сәйкес».
«Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдерінің және өндірістік сипаттағы қызметтердің бағасы туралы есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта (коды 1031101, индексі 1-КБ, кезеңділігі айлық):
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: