Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы № 164 Қаулысы
(2012.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бағалы қағаздар нарығы қызмет етуінің айқындық және тиімділік дәрежесін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.27.07. № 224 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР ҚҚА Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 8 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3) «Кастодианның есеп беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусым № 155 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2941 тіркелген, Қаржы хабаршысы журналында жарияланған № 7(7)2004) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген кастодианның есеп беру ережеде:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «жасалған» деген сөзден кейін «ұйымдастырылмаған» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
1 және 2-қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Кастодианның есеп беру