ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 50 қаулысымен
бекітілген
«Көмірсутек шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Көмірсутек шикізаты бөлімінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» бойынша мемлекеттік қызметтің регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Көмірсутегі шикізаты бөлігінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт - 20 (жиырма) минут.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлігі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.