Введите номер документа
Прайс-лист

«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 24 февраля 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 22 февраля 2016

ҚР Үкіметінің 2016.15.01. № 14 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 24 ақпандағы

№ 145 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және
олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібi

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бұдан әрі - паспорт) ресімдеу: күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

құжаттарды ресімдеу және оларды дипломатиялық пошта арналары арқылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жолдау және олардың құжаттарды кері қайтару - күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде паспортты жасау мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

ата-анасының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда, олардың фотосуреттерін жапсыра отырып, 16 (он алты) жасқа дейінгі балалар туралы жазбаны енгізу (бұдан әрі - паспортқа жазба енгізу) - күнтізбелік 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом