ҚР Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 297 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
1-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.19.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда № 1557 қаулысымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты негізінде (бұдан әрі - Стандарт), аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестациялық комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттау туралы не аттестаттамау туралы шешімі. Комиссияның шешімі қағаз жүзінде беріледі.
Комиссиясының аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы шешімі Стандарттың 1, 2-қосымшаларымен белгіленген нысандар бойынша аттестаттау өткеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей беріледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын алу рәсімдері (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) өтінішті тіркеу;
2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарау;
3) өтінішті құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметін көрсету басқармасының басшысы қарау;