«Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 39 Бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8490 тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында басшы құрамды төтенше жағдайлар саласында даярлаудың үлгі бағдарламасында:
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері 25-тақырыбы» мына редакцияда жазылсын:
«25-тақырып. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша басшы құрамның функционалдық міндеттері.