Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы орталығы» мемлекеттiк мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 11 августа 1997
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 11 августа 1997

«Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы орталығы» мемлекеттiк мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесiн одан әрi реформалау шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi № 3465 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жанынан Қазақ сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институтының негiзiнде, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнен 400 адам, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен 5 адам, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнен 4 адам, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетiнен 5 адам штаттарын беру есебiнен «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

2. Құрылып отырған мекемеге қатысты уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiленсiн.

3. Уәкiлеттi орган 1997 жылдың 15 тамызына дейiн Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдың 15 тамызына дейiн 1997 жылға арналған республикалық бюджет бойынша Қазақ сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берiлуiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Мемлекеттiк комитетiнiң сараптама-криминалистика бөлiмшелерiн қаржыландыруға көзделген бюджет қаржысын қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзсiн.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктердiң әкiмдерiмен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiмде Мекеменi және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiн нормативтерге сәйкес техникамен, көлiкпен, байланыс құралдарымен және қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн.

6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi Мекеменi белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзсiн.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Ә. Қажегельдин

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом