Введите номер документа
Прайс-лист

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 363 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 17 апреля 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 31 декабря 2020

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 363 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 960 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде:

«Дүкендерде азаматтық және қызметтік қаруды есепке алудың тәртібі» деген 15-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Дүкендердегі азаматтық және қызметтік қару мен олардың патрондарын сақтау, есепке алу және сату тәртібі»;

60 және 61-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«60. Азаматтық және қызметтік қару саудасына лицензиясы бар заңды тұлғалар қару мен оның патрондарын мынадай талаптарға сай келетін, арнайы жабдықталған қоймада (қару-жарақ бөлмесінде) сақтайды:

1) басқа қосалқы, қызметтік үй-жайлардан оқшауланған болуы, қабырғалары қалың, төбе жабыны мен едені темірбетонды болуы тиіс;

арнайы жабдықталған қойманың күзетілетін аймағының периметрі болып табылатын қалың емес қабырғалар, темірбетонды емес төбе жабулар мен еден диаметрі кемінде 15 мм жұмыр болат шыбықтан немесе жиегі кемінде 14 мм төртбұрышты болат шыбықтан орындалған металл тормен қапталады. Шыбықтар 150x150 мм аспайтын тор көз құрып, олардың әрбір қиылысқан жері дәнекерленеді;

2) екі есігі, бұл ретте сыртқысы - қалыңдығы кемінде 3 мм болат табақтан, ішкісі - торланған болаттан немесе болат рол-ставнядан орындалған болуы тиіс;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом