Введите номер документа
Прайс-лист

«Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 72 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 4 марта 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 24 июля 2015

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 176 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Спорт және дене шынықтыру

істері агенттігі төрағасының

2014 жылғы 4 наурыздағы

№ 72 бұйрығына

1-қосымша


«Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметтінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 118 қаулысымен бекітілген «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - 4 жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

 

4. Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды ұсына отырып заңды тұлғаның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) не сенімхат бойынша оның өкілінің мемлекеттік көрсету қызметін ұсыну туралы өтініші мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом