Введите номер документа
Прайс-лист

«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 358 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 16 апреля 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 января 2016

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 16 сәуірдегі

№ 358 қаулысымен

бекітілген

 


«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz  «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал);

2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);

3) www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 37 (отыз жеті) жұмыс күні;

ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

порталға жүгінгенде - 33 (отыз үш) жұмыс күні.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы қаулы (бұдан әрі - шешім).

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом