Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең аз мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 25 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең аз мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8591 тіркелген, 2013 жылы 6 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 134 (2509) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қағидалардың мақсаттары үшін қарыз деп банктің банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операцияларын жүзеге асыруы (банкаралық қарыздарды, банк операцияларының жекелеген түрлерін, кері РЕПО операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға берілетін қарыздарды қоспағанда), сондай-ақ вексельді есепке алуы түсініледі.
Банкаралық қарыздар деп шарттық негізде басқа банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген банктердің қарыздары түсініледі.
2. Қағидалардың 2-1-тармағында өзгесі белгіленбесе, есепті тоқсан соңындағы динамикалық резервтің мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

мұнда,
ДРс - есепті тоқсанның соңындағы динамикалық резерв;