Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт (Будапешт қ., 2014 жылғы 3 маусымда)

Информация о документе
Датавторник, 3 июня 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 3 июня 2014

Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы
шарт
(Будапешт қ., 2014 жылғы 3 маусымда)

 

ҚР 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 305-V Заңымен ратификацияланды

2016 жылғы 10 ақпанда күшіне енді

 

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Мажарстан

егемендікті және теңдікті өзара құрметтеу негізінде,

екі мемлекет арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдіре отырып,

сотталған адамдардың бұдан әрі қоғамға қайта араласуына жәрдемдесу мақсатында олардың жазаны өздерінің азаматтығы тиесілі мемлекеттерінде өтеуі мүдделерінде,

төмендегілер туралы уағдаласты:

 

 

1-бап. Анықтамалар

 

Осы Шарт мақсатында:

а) «Беруші Тарап» — бұл сотталған адамды өз аумағынан беретін немесе берген Тарап;

b) «Қабылдаушы Тарап» — бұл сотталған адамды өз аумағына қабылдайтын немесе қабылдаған Тарап;

с) «Сотталған адам» — бұл Беруші Тараптың соты шығарған үкімге сәйкес белгіленген мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адам;

d) «Азамат» — бұл тек Қазақстан Республикасының немесе Мажарстанның азаматтығы бар адам.

 

 

2-бап. Жалпы ережелер

 

Осы Шарттың ережелеріне сәйкес Беруші Тарап шығарған үкімдерді Қабылдаушы Тараптың аумағында орындау үшін Тараптар бір-біріне сотталған адамдарды беруге құқылы.

 

 

3-бап. Орталық органдар

 

1. Осы Шарттың мақсаттары үшін Тараптар айқындаған орталық

органдар бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды.

2. Орталық органдар:

Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

Мажарстаннан - Әділетке жетекшілік ететін министр болып табылады.

3. Өздерінің орталық органдарының атаулары өзгерген немесе олардың функциялары басқа мемлекеттік органдарға берілген жағдайда Тараптар ол туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.

 

 

4-бап. Беру шарттары

 

1. Сотталған адамды беру:

а) сотталған адам Қабылдаушы Тараптың азаматы болып табылған;

b) адам Қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасы бойынша да қылмыс болып табылатын әрекет үшін сотталған;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами