ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 144 бұйрығына
7-қосымша
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген
жағдайларда адам ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін әкелуге, әкетуге, сондай-ақ
қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда адам ағзаларын (ағза бөліктерін) және (немесе) тіндерін әкелуге, әкетуге, сондай-ақ қан және оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесі не www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.