Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 14 сәуірдегі
№ 116 қаулысымен бекітілген
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 370 Қаулысымен күші жойылды
«АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Жамбыл облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдары мен «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға Стандарт қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің теріс нәтижелерін растайтын анықтама-сертификатын беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық
бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті
берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі - өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.