Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2011.27.10 № 565 БҰЙРЫҒ...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2014 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 қазандағы

№ 565 бұйрығымен бекітілген

№ 6 қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті туралы
ереже


1. Жалпы ереже

 

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласында, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

2. Комитет өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.

Комитет өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.

4. Комитет өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар нысанындағы құқықтық актілер шығарады.

5. Комитеттің заңды мекенжайы:

010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1 үй.

6. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті» мемлекеттік мекемесі.

7. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

8. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

9. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

10. Комитеттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Министрліктің штаттық санының лимиті шегінде Ішкі істер министрі бекітеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом