Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 2 Қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 135 шешімі
Осы редакция 2014 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірлерін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Таратылсын:
Алтынсарин ауданының Силантьев селолық округі;
Амангелді ауданының Есір ауылдық;
Денисов ауданының Некрасов селолық округі;
Қарасу ауданының Теректі селолық округі;
Науырзым ауданының Мереке селолық округі;
Таран ауданының Красносельский селолық округі;
Таран ауданының Нелюбин селолық округі;
Федоров ауданының Жаркөл селолық округі.
2. Құрылсын:
Алтынсарин ауданының Обаған селолық округі Алтынсарин ауданының Силантьев селолық округінің таратылатын Силантьевка, Бирюковка, Зуевка, Малая Чураковка селоларының құрамында және Алтынсарин ауданының Обаған селосын, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып;
Амангелді ауданының Аманкелді селолық округі Аманкелді ауданының Есір ауылдық округінің таратылатын Есір, Ақкісі, Кемер, Қоғалыкөл, Мұқыр селоларының құрамында және Аманкелді ауданының Аманкелді селосы, соңғысын округ орталығы етіп белгілей отырып;