Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № А-7/328 Қаулысымен күші жойылды
Ақмола облысы әкімінің
2014 жылғы 21 сәуірдегі
№ А-4/154 қаулысымен
бекітілді
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ақмола облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:
Тіркеу туралы қағаз түрінде (жазбаша түрінде) анықтама (талон) немесе нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған анықтама беру (электрондық түрде) мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне кіретін әр рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) тіркеу орны медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу журналына келесі мәліметтерді тіркейді:
- пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, жасы және жынысы;
- тіркелген мекенжайы және байланыс телефоны.