Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 345 бұйрығы
Жеке басты анықтау бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 22 маусымда № 7029 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 27 тамыздағы № 272-274 (26693-26695) болып жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында адамдардың жеке басын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу ережесінде:
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жедел-криминалистикалық бөліністер мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының есептері бойынша адамның жеке басы анықталмаған жағдайда, дактилоскопиялық карталар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығы арқылы Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі Бас ақпараттық-аналитикалық орталығының базасында жұмыс істейтін Мемлекетаралық ақпараттық банкінің есептері бойынша тексеру үшін жолданады».