Введите номер документа
Прайс-лист

Еуразиялық экономикалық одақ сотының статуты (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 2 қосымша)

Информация о документе
Датачетверг, 29 мая 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 29 мая 2014

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 2 ҚОСЫМША

 

 

Еуразиялық экономикалық одақ сотының

статуты

 

 

І ТАРАУ. Жалпы ережелер.
Соттың құқықтық мәртебесі

 

1. Еуразиялық экономикалық одақ соты (бұдан әрі - Сот) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) сот органы болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) пен осы Статутқа сәйкес құрылады және әрекет етеді.

2. Сот қызметінің мақсаты осы Статуттың ережелеріне сәйкес мүше мемлекеттердің Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды, Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарын және Одақ органдарының шешімдерін бірдей қолдануын қамтамасыз ету болып табылады.

Осы Статуттың мақсаттары үшін Одақ органдары ретінде Сотты қоспағанда Одақ органдары ұғынылады.

3. Сот заңды тұлға құқықтарын пайдаланады.

4. Сот өз құжаттамасын жүргізеді, өз атауы жазылған мөрі мен бланкілері болады, өзінің ресми интернет сайтын және ресми бюллетенін құрады.

5. Сот Сот қызметін қаржыландыру туралы ұсыныстар әзірлейді және Одақ бюджеті туралы ережеге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етуге бөлінген қаражатқа иелік етеді.

6. Сот судьяларына, лауазымды тұлғалары мен мен қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттарын Еуразиялық экономикалық кеңес айқындайды.

 

 

II ТАРАУ. Сот құрамы

 

7. Сот құрамына әр мүше мемлекеттен екі судьядан кіреді.

8. Судьяның өкілеттік мерзімі - он жыл.

9. Судьялар жоғары моральдық қасиетке ие болуы және халықаралық және мемлекетішілік құқық саласында біліктілігі жоғары мамандар болуы, сондай-ақ, әдетте, мүше мемлекеттердің жоғары сот органдары судьяларына қойылатын талаптарға сай келуі тиіс.

10. Судьяларды мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық кеңес лауазымға тағайындайды. Лауазымға кіріскен кезде Судья ант қабылдайды.

11. Судьяларды Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес лауазымнан босатады.

12. Судьяның өкілеттілігі мынадай негіздер бойынша тоқтатылуы мүмкін:

1) Сот қызметін тоқтату;

2) судьяның өкілеттік мерзімінің аяқталуы;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом