Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № А-11/494 Қаулысымен күші жойылды
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 2 маусымда
№ А-5/227 қаулысымен бекітілді
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде микрокредиттер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Әлеуметтік келісімшарт көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 434 қаулысымен бекітілген «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттардың қабылдауын, олардың тіркелуін жүргізеді - 15 минут. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады - 15 минут. Нәтижесі - орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау;