«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 364 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 955 бұйрығымен күші жойылды
Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау және келісу тәртібін жетілдіру, олардың сапасы мен тиімділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 293 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының регламентінде:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрлікке келісуге келіп түскен жобалар олардың құзыреттерін ескеріп, жобалар мазмұнына сүйене отырып тиісті қызметтерге және Заң департаментіне құқықтық пысықтауға жолданады.
Егер Министрлік басшылары өзге неғұрлым қысқа мерзім белгілемесе, Министрлік қызметтері заңнамамен белгіленген мерзімде нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарайды және нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес әзірлеуші-органға жауап жобасын дайындайды, оған нормативтік құқықтық акті жобасының өтуіне жауапты қызмет басшысы қол қояды және міндеттерді бөлуге сәйкес Министрдің орынбасарына қол қоюға ұсынылады.