«Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілердің) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 868 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілердің) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 834-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілердің) оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілердің) оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілердің), оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілердің), оңалтушы (банкроттықты) басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: